Өскеменде ірі логистикалық фармацевтика хабы ашылды
Шығыс Қазақстан өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін орнықты әрі жоғары технологиялық талапқа сай дамытуда маңызды қадам жасады: Өскеменде «Медсервис Плюс» компаниясының заманауи фармацевтикалық логистика хабы ашылды.
7 000 шаршы метр аумақты алып жатқан А+ санатындағы жаңа хабта 4 000 астам паллетке орын бар. Ашылу салтанатында сөз алған сарапшылар оның «ірі және жоғары халықаралық талаптарға сай келетін өңірдегі мейлінше технологиялық фармацевтика қоймасы» екенін айтты. Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі — 4,4 млрд теңге. Пандемия және жаһандық тұрақсыздық сияқты күрделі жағдайларға қарамастан, компания алыстан ойлайтынын, орнықтылық пен әлеуметтік жауапкершілікті паш етіп, жобаны сәтті жүзеге асырды.
«Бүгін біз маңызды оқиғаның куәсі болдық — өңірде «Медсервис Плюс» компаниясының заманауи фармацевтикалық үлестіру хабы ашылды. Бұл жоба Шығыс Қазақстанның технологиялық, орнықты және жауапкершілікке құрылған болашаққа сенімді қадам жасағанын көрсетеді», — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар.
«Өскеменде фармацевтика хабын ашу көптеген тараптың үлесімді жұмыс істеуінің арқасында жүзеге асты: әркім өз үлесін қосты. ШҚО әкімдігіне, «Ертіс» ӘКК мен «Алтынбанкке» айрықша алғыс айтамыз. Біздің компания үшін әр адамның өмірі маңызды, сондықтан да Қазақстанның шығыс өңірінде стратегиялық тұрғыдан мәні зор әрі әлеуметтік маңызы бар нысан ашуға тырыстық. Мемлекет басшысы фармацевтика саласын дамыту «елдің бәсекеге қабілетті болуы мен қауіпсіздігі жолындағы маңызды фактор» екенін айтқан еді, сондықтан да біз экономикалық жағдайға қарамастан елімізге инвестиция салуды және тартуды, жаңа технологияларды пайдалануды және отандық өндірісті дамытуды жалғастырамыз», — деді «Медсервис Плюс» компаниясының басқарма төрағасы Жанат Умаров.
Жаңа нысанда қазірдің өзінде 100-ден астам жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыс орны ашылды. Мұнда логистика және сапа жөніндегі мамандар мен фармацевтер — Шығыс Қазақстанда фармацевтика саласының жаңа ортасын қалыптастыратын кәсіби мамандар жұмыс істейді.
«КФК «Медсервис Плюс» ЖШС жобаны жүзеге асыру барысында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен әріптестік орнатып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауына сүйенді.
Компания туралы анықтама
«МЕДСЕРВИС ПЛЮС» Қазақ фармацевтика компаниясы» ЖШС — нарықта 28 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан және Қазақстандағы дәрі-дәрмек жеткізу саласында көшбасшы саналатын вертикаль интеграция компаниясы. Компания әлемдегі 320-дан астам дәрі-дәрмек өндірушімен жұмыс істейді.
Компания портфелінде 7 900-ден астам өнім атауы бар, бүкіл ел көлемінде 14 филиалы орналасқан және 1 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. «Медсервис Плюс» белсенді түрде заманауи цифрлық және логистика шешімдерін енгізеді (ERP SAP HANA, GxP, серилизация), ESG принциптерін қатаң сақтайды және еліміздің фармацевтика саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Компанияның кейінгі 10 жылдағы жалпы инвестиция көлемі 18 млрд теңгеден асты, осы уақыт ішінде 20 млрд теңгенің үстінде салық төледі. Компания өнеркәсіп алаңын дамытуды жалғастырып келеді, соның ішінде шетелдік инвесторларды тартқан жобалар да бар.