Қазақстанда СЖЖ, созылмалы бүйрек ауруы және қант диабетінен маңызды дәрінің алғашқы партиясы шығарылды
Қазақстанда созылмалы жүрек жетіспеушілігі, созылмалы бүйрек ауруы және қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған өмірлік маңызы бар дәрінің алғашқы коммерциялық партиясы шығарылды.
«АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясы созылмалы бүйрек ауруын (ҚБЖ), созылмалы жүрек жетіспеушілігін (СЖЖ) және 2 типті қант диабетін (2 ҚД) емдеуге арналған өзінің оригиналды препаратының бірінші коммерциялық партиясын шығарды. Өндіріс «Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ базасында шоғырланған. Ұзақ мерзімді келісімге сәйкес, «АстраЗенека» осы жылдың соңына дейін «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторына елде өндірілген препаратты жеткізуді көздеп отыр.
Қазақстанда мұндай диагноздармен өмір сүретін адамдардың саны жүздеген мыңды құрайды: халықтың шамамен 10-12%-ы, яғни 2 миллионға жуық адамға ҚБЖ диагнозы қойылған1, ал созылмалы жүрек жеткіліксіздігі 700 мыңнан астам пациентте бар2. Жарты миллионнан астам адам қант диабеті диагнозымен диспансерлік есепте тұр3. Препараттың жергілікті өндірісі терапияның қолжетімділігі мен сенімділігінің жаңа деңгейін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар жеткізу мерзімдерін қысқартып, науқастарды қажетті дәрілік заттармен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Одан басқа, бұл отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту жолындағы маңызды қадам. Жоба «АстраЗенека» компаниясының халықаралық тәжірибесі мен «Нобель Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ-ның өндірістік қуаттарын біріктіріп, озық технологиялар мен сапа стандарттарының енгізілуіне жол ашты. Бұл инвестициялар мен технология трансферінен бөлек, еліміздің кадрлық әлеуетін және өндірістік базасын күшейтуді де қамтиды.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап дапаглифлозин Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін белгілі бір жағдайлары бар амбулаториялық-емханалық тегін және субсидияланатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне енгізілді. Бұл дәрілік қамтамасыз етудің тұрақтылығын жоғары деңгейде талап етеді, ал жергілікті өндіріс оған өз ықпалын тигізеді.
«АстраЗенека» компаниясы туралы
«АстраЗенека» – онкология, кардиология, нефрология мен зат алмасу бұзылыстары, респираторлық, аутоиммунды және сирек кездесетін аурулар сияқты терапиялық бағыттарда рецептуралық дәрілік препараттарды зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға маманданған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания. Компанияның штаб-пәтері Ұлыбританияның Кембридж қаласында орналасқан, және «АстраЗенека» 100-ден астам елде қызмет етеді. Оның инновациялық дәрі-дәрмектерін бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады.
Дереккөздер
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі / Ұлттық кардиология және терапия ғылыми орталығының бағалауы https://news.kaznmu.edu.kz/нефрологи-бьют-тревогу-каждый-10-й-каза
- https://mtrk.kz/ru/2025/05/30/khronicheskaya-serdechnaya-nedostatochnos/
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі https://www.kt.kz/rus/medicine/lechenie_diabeta_ostanetsya_dostupnym_dlya_vseh_kazahstantsev_1377980789.html