События

Қазақстанда өкпенің созылмалы обструктивті ауруын емдеуге арналған жаңа үш компонентті препарат тіркелді

Қазақстанда өкпенің созылмалы обструктивті ауруын емдеуге арналған жаңа үш компонентті препарат тіркелді

«АстраЗенека» компаниясы шығарған «Брезтри Аэросфера» препараты Қазақстанда ересек пациенттердегі орташа және ауыр дәрежедегі өкпенің созылмалы обструктивті ауруын (ӨСОА) қолдаушы ем ретінде тіркелді. Бұл препарат пациенттерде ингаляциялық глюкокортикостероид және ұзақ әсер ететін β2-адреномиметиктің комбинациясымен немесе ұзақ әсер ететін β2-адреномиметиктің және ұзақ әсер ететін мускариндік рецепторлар антагонистінің комбинациясымен емдеу кезінде ауруды тиісті бақылауға қол жеткізілмесе, қолданылады.

«Брезтри Аэросфера» құрамында глюкокортикостероид будесонид және екі бронходилататор бар: гликопирроний (ұзақ әсер ететін мускариндік рецепторлардың антагонисті) және формотерол (ұзақ әсер ететін β2-адренорецепторлардың агонисті) Осы үш заттың әртүрлі әсер ету механизмдерімен үйлесуі ӨСОА бар емделушілерде өршу жиілігін төмендетеді, өкпе қызметін жақсартады, сондай-ақ кез келген екі компонентті бронходилатациялық терапияны қолданумен салыстырғанда өлім қаупін азайтады.

Препараттың мақұлдауына ETHOS1 және KRONOS2 фазалық зерттеулерінің оң нәтижелері негіз болды.

ETHOS зерттеуінде будесонид + гликопирроний + формотерол фумараттың үш компонентті терапиясы екі компонентті гликопирроний + формотерол фумарат дигидрат терапиясымен салыстырғанда орташа немесе ауыр ӨСОА өршу жиілігінің 24%-ға және будесонид + формотерол фумарат дигидрат комбинациясымен салыстырғанда 13%-ға статистикалық маңызды төмендеуін көрсетті1. Сонымен қатар, үш компонентті комбинация терапиясы екі компонентті бронходилатациямен салыстырғанда ӨСОА бар пациенттерде өлім қаупін 49%-ға төмендетті3.

KRONOS зерттеуі көрсеткендей, будесонид + гликопирроний + формотерол фумаратының үш компонентті терапиясы симптомдардың ауырлығын төмендетіп, анамнездегі өршу тарихына қарамастан, орташа және өте ауыр ауырлықтағы ӨСОА бар пациенттерде екі компонентті терапиямен салыстырғанда өмір сапасын жақсартты2.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс алу жолдарындағы ауа ағынын шектейтін және тыныс алуды қиындататын өкпенің кең таралған ауруы4. Кесел тыныс алу жолдарының, ұсақ бронхтардың, альвеолдардың ауытқуларымен және созылмалы қабыну реакциясымен байланысты, олар әдетте улы бөлшектер мен газдардың әсерінен пайда болады. Өршу мен коморбидтік жағдайлар аурудың ажырамас бөлігі қатарында және клиникалық көрініс пен болжамға айтарлықтай үлес қосады4,5. Ресми статистиканың деректері бойынша Қазақстанда ӨСОА-мен сырқаттанушылық 100 мың ересек адамға шаққанда 360-500 шегінде сақталады, дегенмен ДДҰ сарапшыларының болжамды есептеулеріне сәйкес, бұл көрсеткіш іс жүзінде 7-9 есе жоғары болуы мүмкін6.

Бүгінгі таңда ӨСОА әлемдегі өлім-жітімнің барлық себептері арасында 3-ші орында, тек жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттан ғана төмен орынға ие7. Өлім-жітім статистикасына сәйкес, ӨСОА-мен ауыратын әрбір бесінші пациент бірінші мәрте ауруханаға түскеннен кейін бір жыл ішінде көз жұмады7.

Мария Шипулева, «АстраЗенека» Қазақстан директоры: «Брезтри Аэросфера» препаратын Қазақстанда тіркеу өкпенің созылмалы обструктивті ауруын емдеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Препарат кеселді тұрақты бақылауға және оның пациенттерде өршу жиілігін төмендетуге ықпал етеді. Біз Қазақстанда пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру үшін заманауи шешімдерді қамтамасыз ету маңызды деп есептейміз».

«Брезтри Аэросфера» препараты туралы8

Препарат ингаляциялық глюкокортикостериод будесонидінің (ИГКС), гликопирронийдің ұзақ әсер ететін мускариндік рецепторларының антагонисті (ҰӘАХ) формотеролдың ұзақ әсер ететін β2-адреномиметикасының (ҰӘБА) қосындысы болып табылады.

Будесонид ингаляциядан кейін тыныс алу жолдарында тез және дозаға тәуелді қабынуға қарсы әсерге ие, симптомдардың ауырлығын және ӨСОА өршу жиілігін төмендетеді. Ингаляциялық будесонидті қолданған кезде жүйелік глюкокортикостероидтармен салыстырғанда ауыр жағымсыз әсерлер аз байқалады.

Гликопирроний – ұзақ әсер ететін мускариндік

рецепторлардың антагонисті, оны көбінесе антихолинергик деп атайды. Антихолинергиктердің мақсатты тигізу нүктелері тыныс алу жолдарындағы мускариндік рецепторлар болып табылады. Гликопирроний мускариндік рецепторлардың M1–M5 кіші түрлеріне тез әсер етеді және ұқсас жақындыққа ие. Тыныс алу жолдарында бронходилатацияға тегіс бұлшықеттің М3-рецепторларын тежеу арқылы қол жеткізіледі. Бұл антагонизм бәсекеге қабілетті және қайтымды. Метилхолин мен ацетилхолиннен туындаған бронхты тарылтатын әсерді басу дозаға тәуелді болды және 12 сағаттан астам уақытқа созылды.

Формотерол – селективті β2-адреномиметик, ол ингаляциядан кейін тыныс алу жолдарының қайтымды обструкциясы бар емделушілерде бронхтардың тегіс бұлшықеттерінің тез және ұзақ релаксациясына әкеледі. Бронходилатацияға аденилатциклаза белсендірілгеннен кейін циклдік аденозин монофосфаты (АМФ) деңгейінің жоғарылауына байланысты тыныс алу жолдарының тегіс бұлшықеттерін тікелей босаңсыту арқылы қол жеткізіледі. Бронходилататорлық әсер дозаға тәуелді және ингаляциядан кейін 1-3 минут ішінде басталады. Бір реттік дозадан кейінгі әсер ету ұзақтығы кемінде 12 сағатты құрайды.

«Брезтри Аэросфера» дозаланушы ингаляциясына арналған аэрозоль түрінде болады. Препараттың баллонына қалған ингаляцияларды бақылауға мүмкіндік беретін есептегіш дозаторы бекітілген.

«АстраЗенека» компаниясы туралы

«АстраЗенека» онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағыт алған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания болып табылады. Штаб-пәтері Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан «АстраЗенека» компаниясы 100-ден астам елде жұмыс істейді және оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер пайдаланады. Веб-сайтқа мына сілтеме бойынша кіруге болады: https://www.astrazeneca.kz/

Дереккөздер тізімі:

1. Rabe KF et al. N Engl J Med. 2020 Jul 2;383(1):35-48.

2. Ferguson GT et al. Lancet Respir Med. 2018;6:747-758.

3. Martinez FJ et al. Am J Respir Crit Care Med. 2021 Mar 1;203(5):553-564.

4. Всемирная организация здоровья. Хроническая обструктивная болезнь легких. [Электронный ресурс]. 16.03.2023 URL: https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/chronic-obstructive-pulmonary-disease-(copd)#

5. Клинический протокол диагностики и лечения 'Хроническая обструктивная болезнь легких' от 16 сентября 2022 года (Протокол №169). [Электронный ресурс]. 02.05.2023. URL: https://diseases.medelement.com/disease/-2019/17354.

6. Зейтказиева С.М., Мырзамуратова А.О., Ырыскулова Ж.С., Усенова А.О. Эпидемиология хронической обструктивной болезни легких // Вестник КазНМУ. 2018. №3. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/epidemiologiya-hronicheskoy-obstruktivnoy-bolezni-legkih-2 (дата обращения: 05.08.2024).

7. Ho TW, Tsai YJ, Ruan SY, et al. In-Hospital and One-Year Mortality and Their Predictors in Patients Hospitalized for First-Ever Chronic Obstructive Pulmonary Disease Exacerbations: A Nationwide Population-Based Study. PLOS ONE. 2014; 9 (12): e114866.

8. Государственный реестр препаратов. Регистрационное удостоверение № РК-ЛС-5№026212 от 22.07.2024. Доступно по ссылке: http://register.ndda.kz/category/search_prep.

Image