С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармация мектебі 2025 жылдың 28 ақпанда, 6В10104 - «Фармация» 6В07201 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы түлектері үшін дәстүрлі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2025 іс-шарасын өткізетіндігін хабарлайды. Жұмыс берушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.
